Ұнатып көзін, ұнатып сөзін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ұнатып көзін, ұнатып сөзін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Ұнатып көзін, ұнатып сөзін,
Қонды деп басқа бақ қалай,
Жылатып та өзім,
Жұбатып та өзім,
Жүретін қызық шақтар-ай!
Қос қанат маған тағы да бітіп,
Самғадым кекке қаншалық,
Шығарып салып,
Сағына күтіп,
Жүретін, күн-ай, қарсы алып!
Кеш бата бізді ақырын ымдап,
Шақырушы еді-ау салқын бел,
Айырып естен,
Ақылымды ұрлап,
Аңсатып қойған бал түндер!
Кеудемде ғажап күй түнететін,
Жылдам-ақ атып жылдай таң,
Желмая сынды жүйткіп өтетін,
Ұйтқып ететін түнді айтам!..
Белес те белес
Белдерден өткем,
Қалып та сенсіз мен тілден,
Өзіңді іздеп елден де кеткем,
Айнымай айтқан сертімнен!
Қайтемін сені енді үгіттеп мен,
Қамығармыз да біз бейбақ:
Жүзіне қарап телміріп те өткен,
Жер қылып кеткен қызды ойлап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері