Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін,
тәлкек етті тәңірінің пендесін,—
мұндай күйді дұшпаныңның басына,
қас жауыңның қасына да бермесін!
Қандай ғана қатал еді, кекті еді,
ұрды кетті,
ұрды кетті тек мені,
тітіркене дір-дір етті қара жер,
күлдір етті жұлдыз біткен көктегі.
...аяры-ай,
аңдып келіп.
ұрды-ау мені аямай!
Тәлтіректеп,
тұрармын-ау орнымнан,
аман болса аспанымда баяғы Ай,
аман болса көкте күн,
есімді де жиярмын-ау, өкпелім.
Амал қанша, қатты батты бұл соққы,
қапелімде қансыратып кеткенің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері