Қылығы бөлек көріктім едің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қылығы бөлек көріктім едің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 636
Қылығы бөлек көріктім едің,
көргенім сол ғой елікті менің,
құрбаның болып кетуге тегі,
көніп тұр едім...
өліп тұр едім.
Асылдың құнын аңғармай қалған,
арманым менің, шалғайға барған,
Ергенде маған ұтылмас едің,
құтылмас едің қандай қамалдан!
Көңілімді ұғып, өзімді алмаған,
көріктім едің — көзімді арбаған,
Шамдана бастар жағым бұл менің,
айтуға саған сөзім қалмаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері