Сен барда – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сен барда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1024
Сыңсытып көңілімнің бар сырнайын,
сен барда
дүниені тарсынбайын,
болмасын жақсылыққа өмір ділгір,
көктемде көгілдір бүр жарсын қайың.
Сен барда —
аңсап айтар әнім дайын,
өртеніп,
өзім де кеп тарылмайын.
Үзілмей келе жатқан жеті атадан
басында бақ-дәулеті бар ұлдайын.
жүрейін жұрт ішінде шалқып,
күліп,
өзгеден өмір құнын артық біліп,
сыбырлап,
саған ғана сыр айтайын,
кей-кейде
құшағыңда балқып тұрып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері