Текті де едім

Бұл бетте «Текті де едім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Текті де едім,
кешелер бетті де едім,
билікке де біршама жетті қолым,
Ақылым да бар еді (кімге бірақ
опа бере қойыпты көптігі оның).
Жан болмаса жанында жүрген елеп,
ақылыңның бар-жоғы кімге керек,
ажалдан да құтылып
арамзаң жүр,
ебін тауып,
әйтеуір, бірдеме деп.
Шыр айнала шарқ ұрып шағалалар,
бір амалын қайтсе де табады олар,
айлалыңыз
сондықтан
біздің елде
ақылдыдан жоғары бағаланар!
Маңдайына бұйырған бір ғана тіл,
кімге дәрі деп едің құрғақ ақыл.
Бұл сөзімді оқы да,
ағайын-дос,
сен де біраз ойланып...
ырғала тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Текті де едім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Текті де едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Текті де едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Текті де едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар