Тоқтар Бейісқұловқа

Бұл бетте «Тоқтар Бейісқұловқа» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Тәңірі сыйлаған тәртесіне ғана бағынар,
әр пенденің де асқақтай түсер шағы бар,
алпысқа толған алқалы жиын үстінде
айтқан сөзімді, азырқанбай, аға, қабыл ал.
Қабағын түйе қараған шақта сұсты әлем,
жетсе деп тілеп қызықты күнге қысқа дем,
шарламақ болып аспан мен жердің арасын
«Қарлығаш» жақтан қаршыға болып ұшқан ең.
Туған жеріңнің тауларына ұқсас өр кісі ең,
өрлігіңе орай өкіметің де берді шен,
Ауылыңа қайта оралып келіп отырсың,
Шарлап та көріп талай да талай жерді сен.
Біреулер біліп, біреулер білмей, күлер ме,
Алматы жақтан осылай қарай жүрерде,
арғы-бергіні ақтара шолып шығып ем,
мықтыдан тағы кімдер болды деп бұл елде.
Қаншама сұрапыл жылдардан озып,
ауырды өт,
бағыңа қарай
бағанды білер бауыр көп.
«Қарлығаш» десе –
қалады бәрі елеңдеп:
«Әнуар туған,
Тоқтарлар туған ауыл!» – деп.
Қауқарыңды да, тартарыңды да біледі ел,
бірі «Тоқтардың жерлесіміз!» – деп шіренер.
ауылың үшін, бауырың үшін мына көп,
әрдайым, аға, аңқылдап күліп жүре бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоқтар Бейісқұловқа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тоқтар Бейісқұловқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоқтар Бейісқұловқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоқтар Бейісқұловқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері