Бір жылу бер, үміт бер – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Бір жылу бер, үміт бер» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1313
Бір жылу бер, үміт бер
тағы жаздым бас қатып.
Жазығым жоқ, жігіттер,
жырлағаннан басқа түк.
Әр тал гүлі киелі
болатұғын көктемде,
топырағымды сүйемін,
өзге кінә жоқ менде.
Айтқыш деген даңқы да,
айтатыны көп бұдан!
Ғашықпын өз халқыма
одан өзге жоқ кінәм.
Ойлап ауру кеселін
ойшыл болдық, түнердік.
Жасау керек деседі
жас шағында бір ерлік.
Елім деймін, қолбырап
жырға қосам қастер ғып.
Жасағам жоқ мен бірақ
үйленгеннен басқа ерлік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері