Қызғалдақтай пионер – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қызғалдақтай пионер» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 850
Қызғалдақтай құлпырып,
Жас пионер балдырған,
Жаз болды деп қуанып,
Жанарын нарттай жандырған.
Самаладай самсаған,
Көктегі гүлдей жаңбырдан.
Барабан соққан даусынан,
Аспан асты жаңғырған...
Ән қосқан даусы жер жарады,
Жас ұланның шуының,
Көркейеді астында
Отан қызыл туының.
— Дайын бол!
— Дайын!—ұраны,
Күш пен жігер бойында.
Көзі көргіш қияны
Ұстасы сұлу ойдың да.
Галстугі қызарып,
Жарасып жүр мойнында.
Балапандай пионер,
Кіршіксіз таза жүрегі;
Оларды мақтан қылады ел,
Өрлейді ерге жігері;
Болашақ дәуір қожасы,
Ел ұрпағы, тірегі...
Жаздай жайнап көркейсін,
Қызғалдақ ұлан тілегі!

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері