Сардар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сардар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 908
Сырбай Мəуленовке

Ажал – аяз,
Тəн емес, жан қарыған,
Қарсы амал қапелімде бар ма бұған?
Қазақ деген ежелден ақын ел ғой,
Айрылып қалдың, қазақ, Сардарыңнан!..
Айрылдың Сардарыңнан – ардағыңнан,
Жүргенде жан бағумен, қарманумен.
Ананың құрсағындай қайдан болсын
«Кеңсайдың» арғы беті қар жамылған...
Сұңқылдап суық күнде жардан байғыз,
Сүйеніп көк сүңгіге қалғандаймыз.
Алдымен оққа ілігер, адым басса,
Біз неткен, ей, ақындар, сормаңдаймыз?!
...Қош, аға,
Қош, Сыраға,
Сардар аға...
Көзімнен сен де, сорам, сорғалама.
Біреуі ем соңыңа ерген сарбазыңның,
Сала бер салмағыңды Сары балаңа...
16.02.1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері