Ашына – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ашына» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Үстіңді өзің шеш,
Көрқау көз сезімге өш.
Көркіңе көңілім
Көншімей көз ілмес.
Əрі азап,
Əрі емшім –
Əлдебір əлемсің...
Тамұқта тəн жанып,
Жұмаққа жан енсін!!!
Кезіңде көрпелес
Көз ілме,
өртен!
өш!
Қинарсың...
Жинарсың
Есіңді ерте-кеш...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері