Сұм заман сұрқия өңді бейбеттенген – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сұм заман сұрқия өңді бейбеттенген» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1115
Сұм заман сұрқия өңді бейбеттенген
Тосады «тобаңды айт» деп кейде өткелден.
Арты өніс,
Ақын бар ма алды кеніш,
Көзінің тірісінде зейнет көрген?
Зейнет пе?
Зейнетің не?
Оттама оны!
Жаным қас жалған сөзге жаттамалы!
Қанша ақын «Қособадан» қоныс тауып,
Қанша ақын босағадан аттамады?,,
Жұмыр бас табылса егер жұртым дерлік,
Жетеді мың ғұмырға бір күнгі ерлік.
Қанша ақын отызында опат болып,
Қырқында қанша ақынның «қырқын» бердік?..
Кей кейіс дейді маған: «жасың қанша?»
Ми жоқ-ау басыбайлы басында онша...
Таусылмас таңдайда зар,
Маңдайда сор,
Тарыдай тағдырымыз шашылғанша...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері