Желтоқсан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Желтоқсан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 2021
Құстар көшіп барады түзде шұбап...
Көшпей, қонбай келеміз біз де шыдап.
Саусағыңды тарбиған көкке жайып,
Көз жасыңды көзімше үзбеші, бақ.
Бұлыңғыр бұлт, булығып кемсеңдеме,
Түсіп кетті соншама еңсең неге?
Көкке құмар көңілім, сен де өрекпіп,
Көшкен жұрттың соңынан ерсем деме.
Ере алмайсың!
Қаласың қыстауыңда.
Қыспағың да сол сенің, ұшпағың да.
«Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Кəрі құдаң» – Қыс келіп түсті ауылға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері