Төзе беруге өмір шақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Төзе беруге өмір шақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 550
Мол, әрине өмірде
Өнімдінің өрісі.
Сол өнімділіктен кейде
Жылжи бермейді әр ісі.
Жемісті ағаш секілді
Сілкіп маза бермейміз.
Өзегіне үңіліп,
Жан жүрегін көрмейміз.
Ақылшы көп кейісе,
Дейміз шыда, төзім тап.
Төзімділік жақсы-ау, тек
Төзе беруге өмір шақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері