Уақыт – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Уақыт» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Уақыт – емші,
Көп күнәні кешетұғын.
Уақыт – елші,
Таласты бейбіт шешетұғын.
Сонда,
Жүректер талай жалғасатын.
Сонда,
Армандар талай алға асатын.,
Сонда,
Өмір қонағы – адам
Ғарышқа бойлап өсетұғын
Сөйтіп,
Бір жығылып, бір тұрып
Өмірін кешетұғын.
Солай
Толқынды шаштар ағаратын.
Содан
Ақ жүзге әжім жамалатын.
Осыны
Қайран өмір десетұғын.
Осылай ол
Сол өмірден көшетұғын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері