Жапырақтарын шашады – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жапырақтарын шашады» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 801
Жапырақтарын шашады
қайыңдар жел кеп қаққанда, –
көктем мен жаздың жасауын
үстiнен шешiп жатқандай.
Жел соққан сайын емiнiп
желпiнтiп ауыр ауаны.
жапырақ бiткен төгiлiп
үстiне көлдiң жауады.
Басылар сонсоң жел лебi
шорт кесiп өзiн үзгендей...
Жапырақ бiткен көлдегi
шұбырып жатқан iздердей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері