Шіркін-ай, өмір, қайдасың! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шіркін-ай, өмір, қайдасың!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 861
Әдеміні,
әсемді
Таңдаудан адам талмайсың,
Жаныңа рахат теңізді
Сіміріп жұта алмайсың.
Әдеміні,
әсемді
Таңдайсың, әсте талмайсың,
Жылылық іздеп құштарсың,
Отты ұстап тұра алмайсың.
Әдеміні,
әсемді
Таңдайсың еш талмайсың,
Биікті тілеп тұрсаң да,
Құзда өмір сүре алмайсың.
Әдеміні,
әсемді,
Таңдайсың,
адам, талмайсың,
Ғарышқа сонша іңкәрсің,
Аспанда тұра алмайсың.
Әдеміні, әсемді
Таңдаудан, адам, талмайсың,
Мүмкіндік жоққа құмар көп
Шіркін-ай, өмір қандайсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері