Қойын дәптер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қойын дәптер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1445
Қойын дәптер,
Өлең атты пірімнің,
Ұясындай
Жанға ашпас сырымның.
Өнер шыңын ойып әкел демесең,
Тек өзіңмен кеңесем.
Сыртың кешкі батар күнге ұқсай ма!
Қызыл арай қыз бақытын нұсқай ма!
Қиын шақта,
Құйын шақта қолдаған
Шабыт шамы бол маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері