Бақыттымын дейсің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бақыттымын дейсің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Бақыттымын дейсің,
Сенбеймін сөзіңе
Ішіңді көріп тұрмын
Қарап мұң тұнған көзіңе.
Бөгде сыр бермегеніңмен,
Сезімді жерлегеніңмен,
Сеземін кездескен жерде
Қысылып терлегеніңнен...
Әлемдегі халықтарда
Болған не сырбаз,
Ұстамды алыптар да.
Бәрі де жеңілген
Махаббат атты
Ұлы сезімнен
Сен дағы көз жұмасың
Сонау бір қалған кезіңмен,
Сол бір сезіммен
Ешқайда кете алмай өзіңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері