Қайда кеттің бұлбұл көктем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қайда кеттің бұлбұл көктем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Қайда кеттің бұлбұл көктем,
Жүрегімде жыр гүлдеткен.
Шығандатып шың асырып,
Әуелете ән гулеткен.
Кеше жаман,
Бүгін жақсы,
Кешегі мол
Бүгін тапшы
Зіркілдеген
Заман — бақсы,
Күдік кетсін
Көңілдерде
Маздатып тек
Шырақ жақшы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері