Әпенде – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Әпенде» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3070
— Іздей-іздей қасқа атты,
Күн ұзаққа бас қатты!
Көрген жоқпын әлі үйді!—
Деп кәрия налиды.
— Бар ма тағы басқаңыз?
Ал мынау қай қасқаңыз?—
Сұрақтан бұл састы да,
Қарады қарт астына.
— Тфу!— деді ол,— Күнімен
Іздеп жүрсем мұны мен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері