Егіз дүние – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Егіз дүние» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 579
Дүние егіз.
Тұрады:
Қосу менен алудан
Не болмаса,
Жаңа кеп,
Ескі өліп, тыным алудан.
Дін негізгі тұрады
Ұйып сену, нанудан
Саясат соған барабар
Мақсаты пайда табуда.
Кім ұтылды, кім ұтты,
Құрады бұл да негізін
Саралап, талдап алуда.
Мәселе қалай тануда
Ол да бір жатқан саясат
Саясаттан іздеме
Іздеме, достым, саябақ.
Әділет деген таразы
Озады пәни дүниеде
Әділетке табынған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері