Дұшпан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дұшпан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1149
Басындырсаң басына береді
Қулық сұмдығын асыра береді
Жоқты бар ғып, үйіп-төгіп,
Күл, қоқысты тізіп тереді.
Өтірік күліп, арбап жүріп
Жұлыныңды үзіп береді.
Сөйтіп тағы сол екі жүз қалпы,
Өтірік жылап, өсекті құрап,
Кеңсайға апарып терең көмеді.
Дүние ісі ақыретке кетсе..,
Сазасын бәрібір Алла береді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері