Бір ініге – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Бір ініге» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 3045
Кеңесім ғой ағалық,
Болмашыға мастанба.
Емес елге жаңалық
Жеткізбеуің қашқанда.
Көрінбейсің жарыста,
Жүйріксің - ақ қашқанда.
Қарамайсың намысқа
Қысылғанда, сасқанда.
Сүйтіп жүріп ақылшым
Болғышсың - ау, қарағым.
Қамқор болып жатырсың
Қамын ойлап ағаның.

1960


Пікірлер (1)

Жанерке

Інме туралы әндер тауып берін

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері