Жалы биік жақсы аға – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жалы биік жақсы аға» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2327
(Кенжебай Исинге)
Жел-боранды көп көрдің,
Торыайғырдың көліндей.
Көп керуенді өткердің
Жасыбайдың өріндей,
Шаңқай түсің жылысын,
Тақалса да екінді.
Дауылменен туысып,
Тұрсың емен секілді.
Саусақтарың темірдей,
Ақбеттей ақ көңілің,
Шашың қара көмірдей,
Алпыста дер сені кім.
Ақсақалға ағасың,
Болсаң да өзің сақалсыз.
Баяғы бір данасың,
Сөйлемейсің мақалсыз.
Әркім алар саралап,
Алуан гүл бар бақшада.
Болып тұр сау-саламат,
Жалы биік жақсы аға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері