Жігіттің гүлі дейді өнерліні – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жігіттің гүлі дейді өнерліні» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 965
Қадірлі емес жігіт байлығымен,
Мансабы — қолындағы айдынымен.
Қадірлі ол — ел тірегі ақылды ісі,
Табылған әділеттен қай күнінен.
Жігіттің гүлі дейді өнерліні,
Айнымас бүгінінен келер күні.
Маңғаз да сырбаз қалпы қашан көрсең,
Өнеге болашаққа еккен гүлі.
Осының бәрін көрем тал бойыңнан.
Толғаған терең де, кең нұрлы ойыңнан
Аптықпай анық басқан алымыңнан,
Атқарған, өткерілер іс бойынан.
Іліндің жаңа ғана ер жасына
Шаршамай шығар талай шын басына.
Бейбітжан мерейтойың құтты болсын.
Қазақтың Гомерінің кел жасына.
Көп емес ат берсем де, атан берсем,
Бір сырлы, сегіз қырлы ақтангер сен
Таусылмас сый орнына қабылдашы
Аз жолды әдейі арнап апаң өрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері