Қос тіл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қос тіл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Қос тіл...
Қос айыр тіл жыланда ғана...
Тудырды көңілде нала.
Япыр-ау кедергі не бұл!
Шырылдап шыңғырып сана,
Дал көңіл дала кезеді,
Жүрегің, жаның сезеді,
Бұлтақтап бұқпантайлаған
Жалтақтық жаныңды езеді.
Апыр-ау бұл
Басы ма жаһанданудың?
Бас иіп ғаламданудың?
Үзіліп тегіңді ұмытып,
Адасып мүлде қалудың.
Әйтпесе жылан емеспін,
Неге мен қос тілді болам.
Көш бағдар, бағытын ұқпай
Япыр-ай сарсылды-ау санам.

05.10.2002 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері