Апыр-ай – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Апыр-ай» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1209
(Бір мырзаға)

«За охрану!» — деп жинап
Алған қайран бақыр-ай!
Бақырымды ап қойды-ау,
Ниеті жаман кәпір-ай!
Маған зорлық қылды-ау ол,
Па, шіркіннің батыры-ай!
Болатын ба еді осындай,
«Ақ жүрек» деген апыр-ай!

1918


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері