Сен неге көзiме көрiндiң? – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Сен неге көзiме көрiндiң?» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Сен неге көзiме көрiндiң?
Жүрек бiр бұлқынып қалды, әнi...
Өзiм де түсiнбес өмiрмiн,
Бiтпейтiн қиялы, арманы.
Мен сенi ұмытып кеттiм деп,
Сендiрiп қойған ем санамды.
Кеттiң-ау қоламта отты үрлеп,
Шақтарды тiрiлтiп аяулы.
Мен сенi сүйгенмiн... сүймегем...
Анығын өзiм де бiле алман.
Өзiмнiң отыма күйген ем,
Толқынға тербелiп бiр алуан.
Бiрге өрлеп үнсiз, тар көшемен,
Айрылысып кеткенбiз екеумiз.
Мен үшiн сен, қалқа, кешеде ең,
Ал бүгiн басқамыз, бөтенбiз.
Таныдық. Сен күлдiң, мен күлдiм,
Көңiл де сол кездi кеттi аңсап.
Баяғы күнгiдей мен жүрмiн...
Бүгiннен тәттi екен өткен шақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері