Асыл тас тауып алып ем – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Асыл тас тауып алып ем» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Асыл тас тауып алып ем,
Қапыда қайта жоғалттым.
Өкiнiп қалдым тағы мен,
Апыр-ай, неткен олақпын?
Аялап оны көрсем деп,
Түсiрiп қалдым қолымнан.
Бақытым неткен өлшеулi ед,
Кездескен менiң жолымнан.
Тағдырым, қамшы үйiрме,
Түстi ме көктен жай кенет?
Асыл тас менiң үйiмде,
Жарқырап тұрса қайтер ед?
Сүйсiнген сансыз көздердiң,
Сақтайтын едiм сұғынан.
Асылды мендiк сезген кiм?
Кiмнен көремiн, ұрынам?
Қазынам едi, сақтамай,
Айырылдым, жүрiп тасынып.
Жүрегiме де, әттең-ай,
Үлгермей қалдым жасырып.
Шаттығым ұшты, басылдым,
Шараға мөлдiр жас тұнар...
Иесi барлық асылдың,
Бары да, мүмкiн, рас шығар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері