Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты,
Тағы бiр күннiң түймесiн тiрлiк ағытты.
Таныс бiр жолмен аяңдап келем жұмысқа,
Осы жол менен жалықты, сiрә, жалықты.
Кеш батып тағы, әбiгер етiп баршаны,
Талған тiзелер тыныш ұйқыны аңсады.
Таныс бiр жолмен үйiме мен де асығам,
Осы жол менен шаршады, сiрә, шаршады.
Көзiмдi жұмсам, жатталып қалған көңiлге,
Адаспай табам: ылдиым мынау, өрiм де.
Таптаурын iзбен тепеңдеп тағы келемiн,
Құлқым жоқ мүлде тағдырды сынап көруге.
Көтеру үшiн мық деместен-ақ ер жүгiн,
Жетпей жатыр-ау жасықтау менiң ерлiгiм.
Жыбыр да жыбыр, өнбес тiрлiкке қол артқан,
Баяны кемшiн қайран да менiң кер күнiм...
Бұл үшiн кiмдi, бұл үшiн ненi сөгермiн,
Қуаныш көшiп, кеудемдi тырнап сөнер мұң.
Қалтылдап қалмай қадам аттасам қуанған,
Жастық шағым-ай...
Сен жайлы кейiн не дермiн?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң атып тағы, әбiгер етiп халықты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері