Бұл бетте «Қарайды да көздеріме сыр тұнған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарайды да көздеріме сыр тұнған,
Кейбіреулер момын дейді сыртымнан.
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп,
Көрер еді жүрегімді бұлқынған.
Өзімді-өзім жүргеніме басып тек,
Кейбіреулер ойлайды әсте жасық деп.
Көрер еді жанартауды бұрқаған,
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп.
Жеткізе алмай жүргеніме барымды,
Кейбіреулер ұқпайды әлі жанымды.
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп,
Көрер еді әппақ қардай арымды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі