Бұл хабар жанымды налытты – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Бұл хабар жанымды налытты» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Бұл хабар жанымды налытты,
Жалған сөз емес-ті, анық-ты:
Томарсаз тартылып қалыпты...
Түскенін сездім де нарқыңның,
Балықтай қайраңдап, шарқ ұрдым.
Тәңіртау жанары секілді
Көлім-ау, сен неге тартылдың?
Көлім-ау, сен неге сарқылдың?
Сенде өтіп еді ғой бала күн,
Базары бітті ме жағаның?
Тәңіртау, айбыным, айбатым,
Айтшы сен, неге ақты жанарың?
Басыңнан тайды екен бақ қалай?
Баяғы бақытты шақтар-ай...
Көкпеңбек көгімдей Томарсаз,
Жылға боп жылап ол жатқаны-ай...
Айна көл, тұп-тұнық, дөңгелек,
Тағдырға тап болдың сен бөлек.
Барымды бағалай алмаған,
Өзіме сол керек, сол керек...
Суыңды сүйсіне кешкемін,
Қайтадан жана ма өшкенім?
Оралмай кеттің-ау мәңгіге,
Амал не, қош, көлім...
Қош, көлім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері