Адамгершіліктің шекарасы – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Адамгершіліктің шекарасы» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Адамгершіліктің шекарасы
Ерте-ерте заманда
Қыдыр ата
Мықты қолымен
Найзағайлы бұлттар арасынан
Қасиетті жер-анаға
Дәнін септі,
Сәнді шапанының
Шет жағасы
Діріл қағып
Жас баладай
Берік сенімменен
Төс кеудеге ұмтылды.
Құдайына
Сыйынып пендем
Қаймықпастан:
Егер де көтеріліп ол
Төбедегі жұлдыздарға
Қолы жете қалса,
Бұлттар ойнап
Желдер есіп
Табаны тайып
Тіреуіш те таппай қалар.
Егер де жер бетінде
Сүйегі мықтап
Аяғынан тіп-тік тұрса,
Оны
Емен ағашпен де,
Қатар бойлап өскен
Сабағымен де,
Салыстыруға болмас.
Құдай мен пенделер
Арасындағы айырма неде?
Сол, біріншісіне
Тапқандар пайда болып,
Мәңгілік асып-тасар:
Толқындар бізді көтеріп,
Толқындар бізді батырар –
Сөйтіп біздер тұншығамыз.
Біздің өмірімізді
Кішігірім жүзікке ұқсатқан,
Замандастарымыз
Өз өмірлерін де
Аяқталмаған
Сақинаға теңеген.

1779


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері