Теңіздегі тыныштық – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Теңіздегі тыныштық» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 514
(1795)

Кеткендей қалғып су беті,
Тұп-тұтас көктің көбесі.
Сұрланған теңіз суретін
Шолады шошып кемеші.
Қалған ба құрып жел деген?
Өліктей үнсіз тұр мол түн.
Айдында мынау көлбеген
Бүлк етсе-ау, қайран бір толқын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері