Біз автобус айдаймыз – Абдилов Серик Ашимович

Бұл бетте «Біз автобус айдаймыз» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қол ұстасып біреумен,
Бара жаттың кеше сен
Ұялуға болмайма
Неге өттің көшемнен.

Мініп алып мерседес
Тұрушы едік көршілес,
Сол жігітпа әперген
Ол жігітің молодец.

Ондай ақша жоқ менде,
Жоқ екенін ұқ сенде.
Бай баласы емеспін
Жүргізуші әкемде.

Тиын-тебен пайдамыз
Доволен болып қаламыз.
Пайдасыз біз қайтпаймыз
Біз автобус айдаймыз.

Біз автобус айдаймыз
Дөңгелегін майлаймыз,
Мінген қызға айнадан
Жайлап қана қараймыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері