Өлең, жыр, ақындар

Көл бойындағы ой

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Түн құшағы сақтағанмен сырды ұзын,
Көргіміз кеп асығамыз күн жүзін.
Салқындықты өлердейін жек көрген,
Қарлы таудың кешіріңдер бір қызын.

Күндеріме куə болған кешегі,
Үнсіздігім,салқындығым есебі.
Сүйе тұра сездіруді ар көрген,
Қабағымның салқындығы жетеді.

Басқа суық еріп алмай қал менен,
Мейірім ғой тіршілікке сəн берген.
Қысқа күнде қырық рет құбылып,
Ұнау үшін көлеңкем сан өзгерген.

Қабақ қырау, құлағымда ай сырға,
Куə болмас ай мендегі қай сырға?
Ағаштардың арасына көп барам,
Жапырақтың жасын сүртіп қайтуға…

Тамшы теріп,көл бойында бой жетіп,
Таң бозынан құс біткенді сөйлетіп,
Жүрсем дағы шомылмадым көлге мен,
Адамдарды түсінбеймін кейде түк.

Құтылмайсың,
Жан ұшырта қаш мұңнан,
Ем іздерсің дертке дауа асқынған.
Көлді аяймын, тітіркеніп денесі,
Жағалауға өзін өзі лақтырған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаһұт сөзің

  • 0
  • 0

Жаһұт сөзің жан сарайын толтырып,
Көрген жандар қызықтайтын көркіңе.
Мен де ақымақ өзімше бір жол сызып,
Жүрегінің бағынбайтын еркіне.

Толық

Арман жігіт

  • 0
  • 0

Жүрген кезде көкірек толып мұңға,
(Ойлаудан да сол жанды жалықтым ба)
Қасіретті мендегі орталаттың,
Арман жігіт ғайыптан жолықтың да.

Толық

Лағыл мұң

  • 0
  • 0

Үн–түнсіз кеттің бейтаныс жандай,
Мұңайсам және шат күлсем.
Ойлағанымды сезіп қойғандай,
Несіне хабарластың сен.

Толық