Құлайын деп ем – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Құлайын деп ем» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Сәулесін күннің сорып ап үнсіз,
Бауырындағысын күйдірген.
Тағдырым шығар сағыныш- құмға,
Табанымды аппақ тидірген.

Жүріп келемін, шығам ба бір күн,
Сағыныш құмның шетіне.
Бүк түскен құмдар оянып түнде,
Жалынын шашқан бетіне.

Азабы құмның қинайды жанды,
Суретте ғана әдемі.
Тұрады екен елестен тағы,
Құмдардың ғажап әлемі.

Көрмейсің мұнда бұлақ бастауды,
Қаншама жандар шөлде өлген.
Құлаған жанды көміп тастауды,
Құм шебер әбден меңгерген.

Қар кешіп жүрмей бұл қандай сарсаң,
Дейсің бе құмда неңіз бар?
Сағыныш –құмды кешіп өте алсаң,
Ар жағында оның теңіз бар.

Ақ қардан жырақ, сусыған сезім,
Құм менен теңіз егіз бе?
Тұншығып қалсам сорымнан көрдім,
Құлайын деп ем теңізге!!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері