Бес әріп

Бұл бетте «Бес әріп» атты Мағиза Құнапияқызы жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Бекер ғана қол ұстасқан екенмін,
Сағыныштың тереңіне матырдың.
Үнсіз қалдым, сөйлеу менің не теңім,
Мұндай кезде өзі артық ақылдың.

Жүрек айнып сабылысқан бояудан,
Қаштым талай клубтардан тұншығып.
Сен бақытты деп ойлаған шығарсың,
Мен бақытты бола алмадым қырсығып.

Жете алмады еш бір жердің ауасы,
Сен екеуміз бірге жұтқан ауаға.
Жаңбырдан соң жерден жұпар аңқушы ед.
Сендер жақта бөлек жаңбыр жауа ма?!

Көздер тінтер тойда кисем малынып,
Жетпей тұрар сенің жалғыз қарасың.
Көреріңді білмей кімнен тарылып,
Еріксізден мені есіңе аласың.

Біз бақытты болар едік о баста-ақ,
Осылардың бәрін қолдан жасадық.
Қонар едім білмедің деп қадірді,
Екеумізден безіп кеткен бес әріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бес әріп өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Бес әріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бес әріп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бес әріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері