Түс – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Түс» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Жалын кешіп жүр екеміз өртеніп,
Сағат құрғыр безілдеді.
түс әттең…
Түсті жорып көңілден сыр шертелік,
Маған қарай келе жатсаң ұшақпен.

Қал-жайымды ұшқышқа да айтарсың,
Күтіп қалар көңілі оның нәзік деп.
Жауып-жауып туған жерге қайтарсын,
Бұлт үстіне есімімді жазып кет!

Маған қарай келе жатсаң ұшақпен,
Бір сағыныш көкейіңе ұялап.
Тауларыма көз тоқтатып үлгермей,
Далама да жасайысың-ау қиянат…

Бұл қаланың шылымқұмар ауасы,
Тармаса кеп талап кетпей тұрғанда,
Құшағыңда тұрар ма едім бірер сәт,
Далам исі тарап кетпей тұрғанда…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері