Ата жұрт

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 880
Ата жұрт саған жетпей тынбас балаң,
Қыранды қыран деме шыңға аспаған.
Тйеп ап жырдан жасау келіп тұрмын,
Демеңдер көш оңбайды қыз бастаған.

Оралып шылбырыма бусанды бақ,
Жел күлді жетемін деп қусам бірақ.
Арманда кеткен бабам зиратына,
Көктеген сәлем айтты жусан жылап.

Күрсініп арулары бұла мүсін,
Әжелер көзге апарды шылауышын .
Құт тамған баурайынан Ала тауым,
Селт етпей бүл әуенге тұрамысың?!

Түлейтін асқақ мекен мұзда құсы,
Таудың да тасы көшіп мұздады іші.
Ағайын жетер ме екен құлағыңа,
Алтайдан талып жеткен қыз дауысы?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата жұрт өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ата жұрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ата жұрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ата жұрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері