Өлең, жыр, ақындар

Қасым руқымен қауышыу

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 472
Толғамды жыр туралы той жасайтын келді күн,
Туған елге тау болып елестейсің сен бүгін.
Жүздесуді өзіңмен тағдыр бізге жазбапты,
Бізге алғаш жетті әнің, онан кейін өрлігің.

Шумағынан жырыңның тұрғандай ед от тамып,
Жүрегіне талайдың арман шамын жақты анық.
Өлеңдерін жат елдің оқығаны айып боп,
Талай аға жазықсыз кете берген сотталып.

Жырларыңды оты бар қанша жігіт жаттады?
Жүрегінен өшпейтін дұға етіп сақтады?
Домбырамда бір күй бар деп бастапып жататын,
Боз баланың біздерге жазған ғашық хаттары.

Бізге жеткен өлеңің қанша бөгет көрмеді?
Ғажабы сол күн сайын өрге қарай өрледі.
Бал –бұл жанып жүздері жырыңды оқып қанша қыз,
Дариға боп сізге аға көрінгісі келмеді?!

Жылуына жырыңның жылынамын қыс күні,
Жасықтардың еріксіз кетеді екен ұсқыны.
Өр Алтайдың өрінен мені мұнда ап келген,
Өзің жазған жан аға өлеңдердің ұшқыны.

Бірде өзіңді теңізге ,бірде тауға теңедім.
Жабыққанда жанымды жырларыңмен жебедім.
Ата жұртқа елінің сағынышын айтуға ,
Темір тордан бері өткен құпия қыз мен едім.

Тағы сенің жырыңмен шалқып жатыр шар тарап,
Тентек жырын туған ел тебірене қарсы алад.
Құрбан болған ағаның,ғашық болған қыздардың,
Әрең зорға жеттім мен сағынышын арқалап.

Құпия боп сыр ашпай көңілімнің бағынан,
Іштей тынып өттім мен іштей ғана табынам.
Рухың жетті тоқсанға жасың кетті ғасырға ,
Қалай журек тұра алар ақтарылмай ағынан.

Толастады сағыныш асып кеткен ғасырдан,
Енді мәңгі азатпын бақ таймайды басымнан.
Өзің мүлде көрмеген құлай сүйген елің бар,
Бірақ рухың алаңсыз қауышады асыл жан.

Сарғайтуға құштар- ақ сары реңге жерік күз,
Бұл пәниге жақсыны сағынуға келіппіз.
Сөредегі өзіңді-оттан ыстық сөзіңді,
Көкірегіме үн-түнсіз баса бердім еріксіз!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке

  • 0
  • 0

Көрмеген соң көсеуге де таң қалып,
Көп ұмтылдым биіктерге қарманып.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Толық

Қызыл қайың

  • 0
  • 0

Қатар-қатар қайың өскен, аяқ жағы ауылдың,
Еске алсам сол мекенді сағыныштан ауырдым.
Балтырынан басқа жерге жасыл дүрия киінген,
Шие тере барған сайын сәлем беріп иілген.

Толық

Екі жерде

  • 0
  • 0

Екі жерде біздер өмір сүріппіз,
Екі жерде екі тілді біліппіз.
Қызыл сызық бөлгенімен араны,
Бір ауамен тыныс алып жүріппіз.

Толық

Қарап көріңіз