Кінә артарсың – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Кінә артарсың» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 780
Кінә артасың жаным–ау несін маған,
Жүріп келем өмірдің көшінде аман.
Мезгілдердің сыйы деп түсінемін,
Тағдырымды өзіңе қосылмаған.

Ай мұңайды сырымды қалған біліп,
Күн кешемін қашанғы жалған күліп?
Ертелі-кеш ұмытқан болғаныммен,
Сиқы мынау жүректің салған бүлік.

Қайталама білемін сұрағың көп,
Сені ойласам тұрады жылағым кеп,
Бір арнаға тұп-тұнық қосыла алмай,
Жылып аққан арықтай сұладым көп.

Аудара алмай басқа ешкім назарымды,
Сол күйінде сақтадым таза мұңды.
Кінә тақтың жаным-ау несін маған,
Тартып жүрмін тек сенің азабыңды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері