Өлең, жыр, ақындар

Мекеніңе сыйынам

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 535
Мекеніңе мен сенің сыйынамын,
(Қалжыраған жаныңның күйі мәлім)
Мекеніңнен жолықсам бір адамға,
Сағыныштың жасынан тыйыламын.

Неге деме!
Ықыласым сен десе құлап тұрған,
Бар қайғыны сен десем ылақтырғам.
Сені есейтіп мекенің жеткізген соң,
Мендей жанға сағынтқан жылаттырған.

Қуанышты сендегі теріп бірден,
Сен жымисаң мен қоса еріп күлгем.
Ғашықтықтың кеудеңе қобызын сап,
Маған ғана ішегін шерттірген.

Сен сыйлаған қуаныш – өз ермегім.
Кестелеумен келемін сөз өрнегін.
Күту, аңсау, сағыныш,өрт… бәріне,
Сол мекенде тумасаң төзер ме едің?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таудан биік

  • 0
  • 0

Сезіміңді жасыру да бір мұң ғой,
Кірпігіме асылуда бұл күнде ой.
“Көзің талса тауға қара” дейсің сен,
Таудан биік саған қарап жүрмін ғой!

Толық

Соңында біз

  • 0
  • 0

Ғұмыр бойы сағынам?
Әлде бес күн?
Ерем бе әлде соңынан мәңгі елестің?
Еске алу бар, хош көру, жек көру бар,

Толық

Нән қаланың тұрғыны

  • 0
  • 0

Естілетін сирек күйдің күмбірі,
Ысы қою нән қаланың тұрғыны.
Сөзіңізде керуеннің сыңғыры,
Сіз де өлеңге айналарсыз бір күні…

Толық