Жаның жақын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жаның жақын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Жаның жақын әйтеу бір сезем,маған.
Кей құрбымнан сақсынам сөз аңдаған.
Бір жақындық мендеде бар сияқты,
Өзгерісті сендегі тез аңғарам.

Жаның жақын.достық па,мақаббат па?
Сыршыл жүрек лапылдап жатады отқа.
Тағдыр тізгін бермеді, жырақ кетем,
Бөлене алмай сендегі шапағатқа.

Саған қалай өзімді түсіндірем?
Қайшылыққа толыпты ішім кілең.
Сезе тұра төзуді білетұғын,
Мақаббаттың тым асқақ күшін білем.

Жаның жақын, оңаша мұң кешесің,
Үнсіздікпен толтырдың сыр кесесін.
Жайшылықта кеудемде тынып жатқан,
Пернесімен бір күйдің үндесесің.

Сезіміңді дәрмен жоқ құлатуға,
Еркін сені күйім жоқ ұнатуға.
Жаның жақын,кеш мені.төзбейді екем,
Жаны нәзік бір қызды жылатуға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері