Көктем келер

Бұл бетте «Көктем келер» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Бұлт айықса аспанды тұмшаламай,
Өтер ме едік алаңсыз күн санамай.
Жатыр дел-сал алматы туыттан соң,
Талығып қалғып кеткен тұмса анадай.

Бақтар жоқ аый беретін алмасынан,
Жолдар жатыр сыз өтіп жамбасынан.
Сары алтын сырғалар-жапырақтар,
Әлі күнге түспей тұр тал басынан.

Шарлаған көк жиегін мұз балағы,
Ала тау қалай ғана міз бағады.
Ол мынау ару қала Алматыны,
Жел түгіл самалдан да қызғанады.

Жолдардың кейі таныс ,кейі бөтен,
Арманды Алатауға бейім етем.
Алматы қалай жылы деп сұрасаң,
Ол деген Ала таудың пейілі екен.

Сыйы бұл бізге берген жаратқанның,
Шықсам дап бійігіне талаптандым.
Тау солай қар жастанып мұз төсенген,
Тірліктің тартамын деп бар аптабын.

Жапырақ сыбырына ұйып қалсам,
Кеудеңе құдірет қой құйып та алсаң.
Абайдың даңғылында ұзақ жүрем,
Ойыма сүрлеу таппай тұйықталсам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем келер өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Көктем келер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем келер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктем келер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері