Құлазу – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Құлазу» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 557
Үнсіздік пен айқайдың арасындағы
Жалғыз аяқ соқпақ...– ұзыннан ұзаққа шұбалған.
Бейне, ашылмаған Қиял кітабының ішіне
Бір нәзік қол жасырып,
Жалғыз тал емен жапырағындай қуарған.
Алыс сапарға шақыратын жолдар,
Қатал уақыт илеуіндегі бір түн —
Бір ғасыр!
Көз алдыңда билейді сонда
Өткенің мен Болашағыңның сұлбасы.
Немесе көктемгі бәйшешектей
Шықпай жатып солады арманыңның бүршігі.
Сосын отырасың жалғыз құлазып
Өз-өзіңнен тұншығып.
Көзіңді ашсаң да, жұмсаң да
көкірегіңе шер түнер...
Құстар ұшады қанаттарының сусылдарымен мұң аулап.
Сол ұлы құлазу қасіретінің дертінен
Менің де, сенің де, оның да жанары суалар...

2007ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері