Өлең, жыр, ақындар

Халық әні

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 982
«Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай...»
«Гауһартас».

Талғампаз көңілімнің танығаны,
Даламның дауысындай халық әні.
Таба алмай теңізден бір «Гауһартасты»,
Сарғайып сүйген жүрек сағынады...
Көмекке «Ақбақайым» келген жетіп,
Сертіне тұрған сәтте сәулем бекіп.
Кеудемнен аһ дегенде жалын шығар,
Алмасам анда-санда беу-беулетіп!..
Ән жоқтай, бір өзіңнен басқа әдемі,
Адассам, халық әні, баста мені.
«Есіме сен түскенде, беу, қарағым,
Мөлдіреп қара көзге жас келеді».
Әнменен ел басына ес кіреді,
Ес кіріп, еркіндіктің есті лебі.
Алауыз замананың қойнауынан
Зар-мұңы бабалардың естіледі.
Қосылып сағынышқа ішкі үндері,
Қалқаға қанат бітсе ұштым деуі,
Кешегі халық әні – ғашықтардың
Күрсініс, жалын атқан ыстық демі...
Сезімнің толқынындай мың бұралған,
(Белгісіз әнін, сөзін кім құраған?)
Айтқанда халық әнін, құлағыма
Келеді шашбау үні сылдыраған...
Даламның ескен жібек желі сынды,
Білмеймін бұл жаныма нені ұсынды?
Әуелеп әрбір күйге түсіреді
Бойды алған, әдемі әуен келісімді.
Қанатын халық әні жайып өскен,
Шапағы кешкі күндей байып, өшкен.
Сыр сүзіп ырғағынан, жыр оқимын,
Айдындай ағысына ай ілескен...
Аруана «Елім-ай» деп аңырады,
Ағынан «өмір-ау» деп жарылады.
Авторы асыл әннің ұмытылып,
Атанып кетті ме екен халық әні?..
Арылып ән жасайды бар күнәдан,
Ән сүйген жоғалтпайды салтын адам.
Армандап, айтқан сайын халық әні
Жас жуған «Гауһартастай» жарқыраған!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түсіне алмай, ауырады сау жаным

  • 0
  • 0

Түсіне алмай, ауырады сау жаным,
Күйіп тұрған тірлігіне сауданың.
Гүрілдеген жол шуының ішінен,
Гүлге ғашық бұлбұл дауысын ауладым...

Толық

Туған ауылға

  • 0
  • 0

Үрлей ескен жел ме мынау, самал ма,
Толқын өрген жасыл шалғын даламда.
Күніне мен жүз сүйемін ауылымды,
Көңілімнің құндағына алам да.

Толық

Өткен күнің есіңе түсе ме шын

  • 0
  • 0

Өткен күнің есіңе түсе ме шын,
Таныс емес, көзіме түс, елесің.
Қайда барсам, жарбиып қарсы алдымда,
Күшігендей ісініп, күшенесің.

Толық

Қарап көріңіз