Өлең, жыр, ақындар

Қыран өлімі

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 848
Өсіп-өнген өмір барда ұран бар,
Ұрандардан ұлы болсаң сыр аңғар.
Шырқау көктен шырқау шыңға соғылып,
Қыс айында өледі екен қырандар!
Қанатқа іліп шұғыласын әр таңның,
Қыран құстың «жан азасын» тартар шың.
Ызаланып өледі екен қырандар
Арасында ақпан менен қаңтардың.
Тағдыр қатал ұша алмайсың еркелеп,
(Еркелеткен күйді мәңгі шертер ек).
Өмірдегі аласа мен биікті
Өлгеннен соң жібереді жер теңеп...
Өлім жайлы түспей күйрек сезімге,
Қайраттылар қайралған-ау төзімге.
Кетеді екен найзағайлы бұлтты аспан
Қыран құстың көкірегінде, көзінде...
Кімде үміт, кімде қандай күмән бар,
Күрес жайлы сыр шертеді жыраулар.
Шырқауға бір шыққан кезде бақыттан
Басы айналып құлай ма екен қырандар?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім

  • 0
  • 0

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім,
Тәнге көнбей, биікке тіл қатамын.
Сеземін мен, еңкейіп көкжиеке,
Шыққан күннің алаулап бір батарын.

Толық

Сұңқар кеңдік іздейді, бұлбұл бағын

  • 0
  • 0

Сұңқар кеңдік іздейді, бұлбұл бағын,
Өмір – шырын, біртіндеп білдім дәмін.
Маза бермей кеудеме сені сүйген
Жүрегімді жеңе алмай жүрмін, жаным.

Толық

Келеді күн, кетеді күн шектелмей

  • 0
  • 0

Келеді күн, кетеді күн шектелмей,
Келер күнге кеткен күнім өткелдей.
Туып тағы тербеп жатыр, жер-ана,
Нәрестесін кінәсіз жас көктемдей!

Толық

Қарап көріңіз