Майлар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Майлар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1086
Крем, опа-далабың
Болатқа оның бәрібір.
Кез келгенін жағады,
Дей алмайсың «әрі жүр».
Күнде тұрар кезінде
Бетке жағып тіс майды,
Тісін жуар кезінде
Беттің майын ұстайды.
Жағады ол жайменен
Етігіне шаш майды.
Кейде етік майменен
Шашын бояп тастайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері