Өлең, жыр, ақындар

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы,
Кімнің күйіп, мен үшін жаны ауырады?
Бұлт астынан көрінген көк аспандай,
Күн тілеген көңілім жамау бәрі...
Біреуге ұнап, біреуге ұнамаймын,
Сезімге жүр сәулесі құлап айдың.
«Мені ғана көтеріп сүймедің», – деп,
Кімге өкпелеп, кімдерді кінәлаймын?
«Жақсы» деймін жандарға хал сұраған,
Хал сұраған, төзімді қамшылаған.
Көңілімнің күйі бір келген кезде,
Ақын болып, біресе әнші болам...
Жол тілеймін жолдасқа, қатарыма,
Қатарымнан хақым бар от алуға.
Қақпамды ашып қарсы алам кім келсе де,
Қарамаймын шапан мен атағына!..
Аты озғанға несіне кектенемін,
Таппай жүрмін көңілдің көптен емін.
Ағалардың назарын аударуға
Жүгіргенді жағынып жек көремін...
Сырларымды жыр айтсын, сезімімді,
Жылдар шыңдап келеді төзімімді.
Сайрағанға не жетсін сандуғаштай,
Іздеп тауып өмірден өз үніңді.
Өлең жазсаң жаныңмен шабыттанып,
Өз бағасын береді халық танып.
Мәңгі ғұмыр кешпеспін, мен де бір күн
Жанартаудай сөнермін жанып барып!..
Жанарымда үміттің оты жанар,
Бүгінімнің ертеңге хаты қалар.
Өмірімді білгісі келген ұрпақ,
Өлеңімнің жолынан оқып алар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірге жылап келмей, күліп келдім

  • 0
  • 0

Өмірге жылап келмей, күліп келдім,
Сәуледей бетіндегі тұнық көлдің.
Басынан адамдардың бақыты асса,
Бақытты болармын деп үміттендім...

Толық

Өлеңсіз өтер көп күндер

  • 0
  • 0

Өлеңсіз өтер көп күндер,
Салқындап, саспай, самарқау.
Достарым, қайда кеттіңдер,
Білмедім, күйім сол аңқау.

Толық

Күндерменен ақ сағым сырғанармын

  • 0
  • 0

Күндерменен ақ сағым сырғанармын,
Сырғанармын, сол күнмен бір жанармын.
Елеңдетіп жанымды түнгі көктен,
Даусы келер құлаққа тырналардың.

Толық